Жасыл желек – жарқын болашақ кепілі

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін «Наурызнама» онкүндігі аясында ауданымызда табиғатты қорғауға бағытталған тағылымды шара ұйымдастырылып, ағаш отырғызу акциясы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл бастамаға аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері, жастар және тұрғындар белсене қатысты.

Игі шара барысында қатысушылар бірлесіп көшет отырғызып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Тағалымды шараға қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбек өз сөзінде табиғатты қорғау ұрпақ алдындағы жауапкершілік екенін атап өтіп, аудан тұрғындарын осындай игі бастамаларға әрдайым атсалысуға шақырды.

Шара барысында аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов бата беріп, ақ тілегін білдірсе, аудан тұрғындары белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1187256?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version