ЖАРТЫТӨБЕДЕ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 50-ДЕН АСА БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Жартытөбе ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылды.
Жартытөбе өзені бойында өткен шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, ауыл ақсақалдары, округ тұрғындары мен белсенді жастар және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Созақ өндірістік бөлімшесісі қызметкерлері қатысып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға белсене атсалысты. Акция барысында Аша тауынан бастау алып, Жартытөбе ауылының аумағына дейінгі 50-ден аса бұлақ көздері аршылды.
Игі іске ауыл тұрғындарымен бірлесе атсалысқан аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы барша ауыл азаматтары мен қарияларға алғысын білдірді. Табиғатты қорғау бір күндік науқан емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық екенін атап өтті.
Сонымен қатар, өзен бойына тал көшеттері отырғызылып, аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ақ шаңқан киіз үй тігіліп, шараға қатысушыларға жеті түрлі дәннен дайындалған наурыз көже ұсынылды. Ерікті жастар музыкалық аспаптармен ән шырқап, шараның шырайын арттырды. Бұлақ басында құрбандық шалынып, дұға бағышталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1187799?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version