Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ МАҢЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
📍Түркістан облысында республикалық «TazaLIKE» экофестивалі жалғасын табуда. Тазалық шарасы барысында елді мекендер қоқыстан тазартылып, бұлақтардың көздері ашылып, айналасы абаттандырылуда. Бұл шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
▪️Түркістан облысы Шардара ауданында ұйымдастырылған «TazaLIKE» экофестивалі аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы Сырдария өзенінің жағалауында өз жалғасын тапты. Экологиялық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Жалпы 500-ден астам адам жұмылып, табиғатты қорғау және тазалық жұмыстарына атсалысты.
▪️Шара барысында 2 техника тіркемесінің көмегімен Сырдария жағалауынан жиналған 6 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.
▪️Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және туған жердің тазалығына әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1187601?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *