СОЗАҚТЫҚ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан қаласындағы Ө.Жарылқапов атындағы спорт кешенінде «Ұлттық мектеп лигасы» аясында футболдан «Былғары доп» жарысының 9-11 сынып оқушылары (ұлдар және қыздар) арасында облыстық кезеңі өтті.
Аталған додада Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Нәтижесінде команда республикалық кезеңге жолдама алды.
Жарыс барысында жас спортшылар ұйымшылдықтың, шеберліктің, табандылық пен нағыз командалық рухтың үлгісін көрсетті. Әрбір ойында қарсыластарына лайықты қарсылық танытып, жеңіске деген жігерін айқын дәлелдеді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1187770?lang=kk

Exit mobile version