СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Созақ аудандық мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ашып, жүргізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, ардагерлер, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы бөлім басшысы Бағдат Махашбаев баяндама жасады. Саладағы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы кезеңге жоспарланған жобаларға тоқталды.
Сонымен қатар, аудандық орталық аурухананың қызметі мен алдағы міндеттері туралы бас дәрігер Нұрлан Бердімұратов баяндап, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қыземшек кентінің әкімі Марс Әбіл есебін ұсынып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, сессия барысында 2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтер мен кенттер бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе де қаралды. Бұл бойынша ауылдық округтер мен кент әкімдері хабарлама жасап, тиісті шешімдер қабылданды.
Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды.
 
 
 
 
 
 
 
 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1187790?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *