Өмір жолы – елге қызмет етудің жарқын үлгісі

Опубликовано:

Автор:

в категории

Кәрімжанова Ақтамақ Қуанқызы Сандықтау ауданындағы Алматы (Жыланды) ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол отбасының төртінші перзенті болды. Қарапайым да, еңбекқор отбасында тәрбиеленген ол бала кезінен еңбекке баулынды. Үй шаруасына ерте араласып, әрдайым ата-анасына көмек тигізіп отырды.

Ақтамақ Қуанқызы алғашқы білімін туған ауылында алып, сегізжылдық мектепті тәмамдады. Кейін Атбасар қаласындағы қазақ мектеп-интернатында оқуын жалғастырып, 1974 жылы оны сәтті аяқтады. Адамдарға көмектесуді мақсат еткен ол Целиноград медициналық институтының емдеу ісі факультетіне оқуға түсіп, 1980 жылы тәмамдады.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жолдамамен аудандық ауруханаға жұмысқа орналасып, учаскелік терапевт ретінде еңбек жолын бастады. Ол Максимовка, Владимировка, Спасское және Сандықтау ауылдарының тұрғындарына медици-налық қызмет көрсетті. Кейін сол аудандық ауруханада 20 жылға жуық психиатр дәрігер болып қызмет атқарды.

Оның кәсіби қызметі оңай болған жоқ. Әсіресе, психиатрия саласында жұмыс істеу үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етті. Әр науқасқа жеке көзқарас танытып, олардың сеніміне кіре білу – оның басты қасиеттерінің бірі болды. Ол өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарып, мамандығына адал болды.

Ақтамақ Қуанқызы зейнетке шыққанымен, тағы үш жыл еңбек етуді жалғастырды. Тек 2019 жылы ғана толықтай құрметті демалысқа шықты.

Қазіргі уақытта ол белсенді өмір салтын ұстанып келеді: қолөнермен айналысып, тоқу мен тігін тігуді жақсы көреді, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Сонымен қатар «Алтын Қазына» қазақ вокалдық тобының мүшесі ретінде түрлі мәдени шараларға қатысып, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға үлес қосып жүр.

Кейіпкеріміз – үш баланың анасы, төрт немеренің аяулы әжесі. Наурыз мейрамы кезінде ол әрдайым ұлттық тағамдар – бешбармақ, бауырсақ, наурыз көже дайындап, дастарқан басына бала-шағасы мен туған-туыстарын жинайды.

Осы мереке қарсаңында Ақтамақ Қуанқызы барша жерлестерін Наурыз мейрамымен құттықтап, әр отбасыға амандық, бейбітшілік пен береке тілейді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1187308?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version