2026 жылдың 12 наурызында аудан көлеміндегі медициналық мекемелердің жалпы тәжірибе дәрігерлері қатысуымен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері мен мүгедектіктің негізгі мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі баяндалып, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалардың себептері талданып, проактивті сырттай куәландырудың үлесі мен сапасын арттыру бойынша кеңес берілді.
Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы М.Курманбаева техникалық көмекші құралдарға оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігін дайындау,Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының БҚО бойынша филиалының басшысы Д.Искакова кохлеарлық имплантациядан кейінгі балаларға оңалту іс-шараларын жалғастыру, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары З.Жумабаева медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданғандар бойынша шараларды атап өтті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1187735?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ