23 Наурыз Аққайнар ауылында дүбірлі той өтті!
Керемет мереке барысы ауыл әкімінің құттықтауымен бастау алды. Сонымен қатар ауылымыздың ардагер спорт қайраткерлері Көкімов Жандос пен Қарсақбаев Ертарғын атамыздың 80 жылдық мерейтойына орай “Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт” бөлімінің басшысы Әшекеева Нүрбүбі Ертісбайқызы аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, шапан жапты
және ауыл әкімі Қайрат Серікбайұлыда ардагерлерге алғыс хаттарын табыстап, шапан жапты.
Мереке барысы ауылдық мекемелерді марапаттаумен жалғасып,
эстрада жұлдыздарының көңілді концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Артынша спорттық ойындар ойнатылып, наурыз көже таратылды.
Наурыз – тек мереке емес, ол – татулық пен бірліктің, мейірім мен ізгіліктің белгісі.
Әр шаңыраққа бақ-береке, денсаулық пен қуаныш әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-akkainar/press/news/details/1187547?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ