Түркістан облысы Шардара ауданы, Қоссейіт ауылдық округінде өткен тағылымды қайырымдылық іс-шарада аталмыш ауылдағы «Сырдария» жалпы орта мектебін 2006 жылы бітірген түлектер көпбалалы әрі баспанаға мұқтаж отбасыға үй сыйлап, ел алғысына бөленді.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков сөз сөйлеп, игі бастама көтерген азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді:
— «Бұл – ел ішіндегі ауызбіршілік пен бауырмалдықтың жарқын көрінісі. Туған жерін ұмытпай, мұқтаж жандарға қол ұшын созған түлектердің ісі – баршаға үлгі. Осындай сауапты істер жалғасын тауып, көбейе берсін. Жақсылық жасаудан жарысқан азаматтарымыз аман болсын», – деді. Бейсенбай Төребеков қайырымды жандарға аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан Алғыс хат тапсырды.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бауыржан Шомпиев те жүрекжарды лебізін жеткізді:
— «Бұл игі іс – шынайы жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын дәлелі. Қоғамның дамуы – осындай кең жүректі жандардың арқасында алға басады. Түлектерге алғысымыз шексіз. Осындай қайырымдылық шаралары көпке үлгі болып, дәстүрге айналсын», – деп атап өтті.
Өз кезегінде Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар да сөз алып, қайырымды істің маңыздылығына тоқталды:
— «Бұл – туған жерге деген шынайы жанашырлықтың жарқын үлгісі. Ауылымыздың түлектері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлап отыр. Осындай игі істер ел бірлігін нығайтып, жастарға үлкен өнеге болады. Барша түлектерге ауыл тұрғындары атынан алғысымды білдіремін», – деді.
Шара аясында түлектер ауыл тұрғындарына ауызашар беріп, көпшілікпен бірге дастархан басында жүздесті. Кеш соңында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі.
Жалпы, бұл шара – адамгершілік пен жанашырлықтың, туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Осындай ізгі амалдар қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті нығайтып, кейінгі ұрпаққа өнеге болары анық.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1187165?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ