ПОЗДРАВЛЕНИЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ардақты ағайын!

Құрметті жерлестер!

    Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын көңіл, ақ ниетпен құттықтаймын!

    Барша әлемдегі ұлт пен ұлысты, ел мен елді теңестіретін көктемгі осы бір мейрам жыл сайын жаңару мен жасампаздықтың мерекесі ретінде халқымызға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді.

    Наурыз – жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, болашаққа бағыт – бағдар беретін ерекше сәт.

    Шығыс халықтарының жыл басы болып саналатын бұл мезгіл еңбек пен іскерліктің, ыждағаттылық пен ынтымақтың, бауырмалдық пен достықтың алтын арқауын одан әрі бекіте түседі. Наурыз –қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғаттың көгеріп, көктейтін шағы. Ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен имандылықтың, жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Еліміз тыныш, туған жеріміз  аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.

    Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

 

Құрметпен,

Бөкей ордасы аудандық

 мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1186739?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version