2026 жылғы 19 наурызда Қарағанды қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия базасында республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткен болатын. Бұл сында қаламыздың намысын үш оқушы қорғап, соның ішінен суырылып шыққан екі дарынымыз жеңіс тұғырынан көрінді.
🏆 Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы (Көркемсөз оқу шеберлігі бойынша):
І орын: Есенбаева Айгерим (Ә. Бөкейханов ат. МЛ. Жетекшісі: Каржасова А.С.)
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы (Жас ақындар – өз шығармашылығы бойынша:)
ІІ орын: Қуатбекұлы Рауан (Ә. Бөкейханов ат. МЛ. Жетекшісі: Кузембаева М.К.)
🌟 «Мен жастарға сенемін!»
«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты – мен жастарға сенемін!» – деп ақын атамыз үлкен үміт артқан бүгінгі өрендеріміз Мағжан рухын асқақтатып, жырдың асыл маржанын шашты. Көркемсөз оқу шеберлігімен дараланған оқушыларымыз бен олардың ұлағатты ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/instructions/press/news/details/1186168?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ