Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

Опубликовано:

Автор:

в категории

Құрметті қала тұрғындары!
Қадірменді қонақтар!

   Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен Қызылорда қалалық мәслихаты атынан құттықтаймыз!
   Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, татулық пен бірліктің символы. Бұл мейрам – ата-бабамыздан жалғасқан асыл дәстүрлерді дәріптеп, қоғамдағы өзара сыйластық пен ынтымақты нығайтатын ерекше күн.
   Биылғы көктем мерекесі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – өткен референдуммен тұспа-тұс келіп отыр. Республикалық референдум халқымыздың үлкен қолдауына ие болды. Халқымыз Әділетті және Прогрессивті, Қуатты Қазақстанға бағытталған Жаңа Конституцияны таңдады.       Халқымыздың азаматтық жауапкершілігі – мемлекетіміздің болашағына бейжай қарамайтын ел екеніміздің дәлелі.
   Бүгінде қаламызда тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл істердің барлығы – ел бірлігі мен татулығының, ортақ мақсатқа жұмылған еңбегінің жемісі.
   Қадірлі ағайын!
   Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа шаттық пен ырыс әкелсін!
   Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
   Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болсын!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қалалық
мәслихатының төрағасы
Ибадулла Құттықожаев

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1186268?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *