Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті LXІI сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің Байзақ ауданы аумағында «Құқық бұзушылықтардың алдын – алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» саласындағы атқарған жұмысы туралы Байзақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Ерген баяндама жасады. Аудандық мәслихаттың «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы комиссия төрағасы Алтынбек Жәмішжанов баяндады. Бұдан соң «Байзақ ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №57-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселе алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
Жиын соңында аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-baizak/press/news/details/1186259?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ