Наурызнаманың 10 күндігі аясында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шарада ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін тағылымы мол сахналық көріністер қойылды.
Ұстаздардың ұйымдастыруымен қазақ халқының бай мұрасын, әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарын көркем түрде сахналап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір көрініс тәрбиелік мәнге ие болып, жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеруге бағытталды.
Бұл шара – ата-бабамыздан мирас болған асыл дәстүрлерімізді ұлықтап, оны кейінгі буынға жеткізудің жарқын көрінісі болды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1185913?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ