Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне орай Алмалы ауылы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, жұмысқа ерекше көтеріңкі көңіл күймен келді.
Алмалы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен бұл игі бастама – ұлттық болмысымызды дәріптеп, салт-дәстүрімізге деген құрметтің айқын көрінісі. Қазақы шапан мен камзол, зерлі тақия мен сәукеле – бәрі де өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпір іспетті.
Мұндай тағылымды шаралар елдің рухын көтеріп, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.
Ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/1184835?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ