Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Отырар ауданы әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шаралар барысында елді мекендердің келбетін жақсарту мақсатында жеміс ағаштарын отырғызу, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ретсіз өскен ағаштарды отау жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылуда.
Сонымен қатар, орталық көшелер мен ауылдардың ішкі жолдары, скверлер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, сырлау және көріктендіру жұмыстары да жүзеге асырылуда.
Бұл бастама – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындарға қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Тазалық жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысуда.
Құрметті отырарлықтар!
Наурыз мерекесі қарсаңында әрбір тұрғынды өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Бірлесе атқарған еңбек қана ауылымыздың көркеюіне және дамуына негіз болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1184665?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ