«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымның атауы:
- Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі – 1 бірлік;
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 20.03.2026 ж.
Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 02.04.2026 ж.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 236520 теңгеден бастап
- Әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- штаттық кестені анықтайды және бекітеді;
- даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;
- бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
- кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
- оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;
- республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
- қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
- қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;
- компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
- кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;
- педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;
- өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;
- әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;
- есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
аудандар/қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
аудандар/қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
“педагог-сарапшы” немесе “педагог-зерттеуші” немесе “педагог-шебер” немесе “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “білім беру ұйымының” не “басшы-ұйымдастырушы” немесе “басшы-менеджер” немесе “басшы-көшбасшы” бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы.
- Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
- осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS ( IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл;
- 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды тапсыру үшін мекен – жайы:
БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135
Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ
Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67
Электрондық пошта – terektiroo@mail.ru, altynai_s84@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-terekti/press/news/details/1184803?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ