Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайту мақсатында жұмыс кеңесі өткізілді.
Аталған іс-шараға ҚАЖ департаментінің бастығы және де ІІМ ҚАЖ комитеті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары әділет подполковнигі Оспанбеков Бижигит Сапарымбетұлы қатысты.
Жиналыс барысында қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын қатаң сақтау және жеке құрам арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, қызмет барысында заң бұзушылықтарға жол бермеу, тәртіп пен жауапкершілікті күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша жеке құрамға заңдылық пен тәртіпті қатаң ұстану, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау қажеттігі тағы да ескертілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1184070?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ