Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин Чаглинка станциясының тұрғыны Юрий Карпенкомен кездесіп, оның батылдығы, табандылығы және азаматтық жауапкершілігі үшін алғыс білдірді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Зеренді ауданы тұрғынының батыл әрекеті

Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин Чаглинка станциясының тұрғыны Юрий Карпенкомен кездесіп, оның батылдығы, табандылығы және азаматтық жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.
2026 жылғы 8 наурыз күні Зеренді ауданының Чаглинка станциясында жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін Юрий Петрович өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан үйден төрт тұрмыстық газ баллонын өздігінен алып шығып, ықтимал жарылыстың және одан да ауыр салдардың алдын алды.
Көмек көрсету барысында ол жеңіл дәрежедегі күйік алғанымен, ауруханаға жатқызудан бас тартты.
«Мұндай әрекеттер үлкен құрметке лайық. Айналасындағыларға бейжай қарамай, көмек көрсетуге дайын адамдардың арқасында қоғамда өзара қолдау мен бірлік нығая түседі. Юрий Петровичке көрсеткен ерлігі үшін шынайы алғысымды білдіремін», — деді аудан әкімі Әсет Құрманғожин.
Кездесу барысында аудан әкімі Юрий Петровичке батылдығы мен азаматтық жауапкершілігі үшін алғыс хат табыстап, естелік сыйлық пен азық-түлік себетін ұсынды.
Сондай-ақ Зеренді ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің атынан көрсеткен ерлігі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс белгісі ретінде ақшалай сертификат берілді.
Айта кетейік, Карпенко Юрий «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесінде орманшы болып жұмыс істейді. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1182243?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *