15 наурыз күні 2026 жылы референдум өтуде. «Көкшетау қаласының №7 орта мектебі» КММ ғимаратында таңертеңнен бастап сайлау учаскесі ұйымдастырылып, тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысуда.
Дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған: комиссия жұмыс істеп тұр, дауыс беру ережелері сақталуда, рәсімнің ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етілген.
Тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін келуде. Учаскедегі атмосфера жылы әрі тыныш, дауыс беру іскерлік және жағымды жағдайда өтуде.

Добавить комментарий Отменить ответ