Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан
халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 16.00-де Қазығұрт ауылында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін.
Мекен жайы: Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі № 95.
Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 18 наурыз күні сағат 15.00- де өткізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Қазығұрт аудандықмәслихат төрағасының «Мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» есебі.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы.
- Қ.Әбдәлиевауылдық округі әкімінің есебі туралы.
- Ветеринария саласында атқарылған жұмыстардың барысы туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» №37/220-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы кейбір елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 ақпандағы №24/147-VІІІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №55/343-VІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» №13/92-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №13/91-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Т.Калымбетов
аудандық мәслихат төрағасы.
Ескертпе: Сегізінші шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессиялары онлайн-трансляция форматында өтеді. Тұрақты комиссия отырыстары мен сессияларды «YouTube» платформасы арқылы тікелей эфирде және бейнежазылым (запись) түрінде көруге болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kazygurt/press/news/details/1182729?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ