| |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша Департаменті» РММ әдеп жөніндегі уәкіл Ж.С.Самалованың ұйымдастыруымен, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сүлейменов Нұрлан Жақыпұлы, қатысуымен Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар бойынша сөз сөйледі. Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сүлейменов Нұрлан Жақыпұлы. ҚР Мемлекеттік қызметті дамытудың 2029 жылға арналған пилоттық жобасына тоқтала кетті, мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасу кезінде 3-сатыға бөлінетінің, бөлінген соң жалақы төлеу тәртіптерінің өзгеретінін тұжырымдамаларымен және мемлекеттік қызметке қабылданудағы өзгерістермен таныстырды. Қазіргі уақытта Жетісу облысында 242 мемлекеттік мекемелер бар, бұдан бөлек квазимемлекеттік мекемелер бар құрамына кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мекемелер де кіреді. Қоғамға қауіпті құқықбұзушылық ол-сыбайлас жемқорлық болып табылатындықтан, мемлекеттік қызметшілерге заңсыз сыйлықтар алуға жұмыс уақытынан тыс, демалыс , мейрам күндері мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болу, құмар ойындары, бәс тігу, лудомания сияқты теріс әрекеттерге жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға бағытталған кездесу-семинар өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте ашықтық, сандық технологиялар енгізу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаларын ұстау еліміздің өркендеуіне, қоғамға қауіпті дерттен арылуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге әрқашан заң нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді, әдеп нормаларын сақтап жүру мемлекеттік қызметшілердің міндеттері екенін атап өтті. |
Добавить комментарий