ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ИГІ КЕЗДЕСУ: ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ КӨЛІК ПЕН ҚЫЗМЕТТІК ҮЙ ТАБЫСТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара орталық мешітінің бас имамы Қазыбаев Қажымұқан Тынышбекұлы мен наиб имам Жұмаханов Еркебұлан Жеңісұлын арнайы қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы қонақтарды алдағы әз Наурыз мерекесімен құттықтап, қасиетті Рамазан айының маңызына тоқталды. Арман Романұлы бұл айдың – сабыр мен мейірімнің, кешірім мен қайырымдылықтың, рухани тазару мен ізгі амалдардың айы екенін атап өтіп, барша жұртшылыққа амандық, береке тіледі.
Сонымен қатар, игі бастамалардың жалғасы ретінде Арман Романұлы Шардара аудандық орталық мешітіне демеушілер есебінен алынған су жаңа автокөлік пен бес бөлмелі қызметтік үйдің кілтін табыстады. Бұл – діни қызметкерлердің жағдайын жақсартып, олардың ел игілігі жолындағы еңбектеріне көрсетілген қолдау екені атап өтілді.
Өз кезегінде ауданның бас имамы Қажымұқан Тынышбекұлы көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғысын білдіріп, аудан басшысына ақ батасын берді. Ол игі істің сауабы мол болып, ел ішінде бірлік пен береке арта беруін тіледі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1184372?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *