Өнерді серік еткен отбасылар фестивалі

Опубликовано:

Автор:

в категории

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония сахнасында «Берекелі шаңырақ» өнерлі отбасылар фестивалі жоғары деңгейде өтті. Фестивальге Имашевтар, Жұлдызовтар, Төлешовтер, Шананқұловтар, Жамаловтар, Сралиевтер, Жұмабаевтар, Умбосиновтар, Қабдоловтар және Жасақбаевтар отбасылары қатысып, өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

Салтанатты шарада Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров сөз алып, фестивальдің мән-маңызына тоқталды.
– Берекелі шаңырақ – ұлттың алтын діңгегі. Осындай өнер мен өнегені ұштастырған отбасылар барда халқымыздың рухани қазынасы ешқашан сарқылмайды. Әр шаңыраққа шаттық пен береке тілеймін, өнердің шамы әрдайым сөнбесін! – деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, Ердос Ғаниұлы фестивальге қатысқан белсенді отбасыларды арнайы марапаттап, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Киелі сахнаны өнерімен көмкерген талантты жандар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1183799?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version