«НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ – ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ЖАҢҒЫРҒАН ҮЛГІСІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгінде Наурыз мейрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамаға сәйкес «Наурызнама» онкүндігі аясында мазмұнды әрі жүйелі түрде кең көлемде атап өтіліп келеді.

14–23 наурыз аралығында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін түрлі мәдени, қоғамдық және қайырымдылық шаралар өткізіледі. Бұл онкүндік халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, бірлігі мен ізгілік қағидаларын кеңінен насихаттауға бағытталған. 🇰🇿✨ 

📅 Наурызнама онкүндігі:

🔹 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
🔹 15 наурыз – Қайырымдылық күні
🔹 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
🔹 17 наурыз – Шаңырақ күні
🔹 18 наурыз – Ұлттық киім күні
🔹 19 наурыз – Жаңару күні
🔹 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
🔹 21 наурыз – Ынтымақ күні
🔹 22 наурыз – Жыл басы
🔹 23 наурыз – Тазару күні

Ұлттық құндылықтарды бірге дәріптейік!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1183271?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *