
Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезекті қырқыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті қырқыншы сессиясы 2026 жылдың 27 наурызында сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
- Кентау қалалық білім бөлімінің 2025 жыл мерзімінде атқарған жұмыстары туралы;
- Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
- Кентау қалалық мансап орталығының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
- “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” ММ-нің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-kentau/press/news/details/1181797?lang=kk

Добавить комментарий