Атырауда 19 отбасыға пәтер кілті табысталды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Атырау қаласында Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Шаңырақ күніне орай тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында «Аягөз» тұрғын үй кешенінен 19 пәтер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілді. Атап айтқанда, жаңа баспаналар көпбалалы аналарға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, I және II топ мүгедектігі бар жандарға, сондай-ақ соғыс ардагерлерімен теңестірілген азаматтарға табысталды.
Пәтер кілттерін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуов табыстап, қоныс иелерін мерекемен құттықтады.
– Шаңырақ – қазақ үшін қасиетті ұғым. Біз ерекше қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Бұл – әр отбасының өз шаңырағында алаңсыз өмір сүруіне жол ашатын маңызды қадам. Қуанышты жаңалық мұнымен шектелмейді. Алдағы күндері тағы 18 отбасы жаңа баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлайтын болады. Құрметті қоныс иелері! Жаңа үйлеріңіз құтты болсын! Әр шаңыраққа шаттық орнап, береке мен бірлік салтанат құрсын. Босағаларыңыз берік, керегелеріңіз кең болсын, – деді Тілек Алдабергенұлы.
Пәтер иелері өз қуаныштарымен бөлісті. Бұл бастама – тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1183796?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *