
2026 жылғы наурыз айының 6-сы мен 13-і аралығында Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» желісіне отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша 50 хабарлама тіркеліп, тиісті заңды шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша:
– ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 18 тұлғаға,
– 669-бабымен 1 дерек бойынша,
– өзге де баптармен 2 әкімшілік хаттама жасақталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты 22 хабарлама жинақ ісіне қалдырылды, ал 6 хабарлама қайталануына байланысты біріктірілді.
Отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған 40 тұлға 1 ай мерзімге «қорғау нұсқамасы» есебіне алынып, оларға қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
❗️ Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрып-соғу немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактілері орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-1 және 109-1-баптарына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
❗️ Сонымен қатар, күш қолданбай жүйелі түрде мазалау, аңду, хабарламалар арқылы психологиялық зиян келтіру фактілері үшін ҚР ҚК-нің 115-1-бабы («сталкинг») бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1184602?lang=kk

Добавить комментарий