
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 14 наурыз күні тұрақты оқырмандармен Көрісу күніне орай «Көрісу дәстүр мен достықтың көпірі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс- шара барысында ежелден келе жатқан көрісу ізгі дәстүрінің мән мағынасы, оның тәрбиелік мәні туралы мәліметтер берілді. Оқырмандар арасында қоғамдағы бірлік, өзара сыйластық туралы өз ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1182870?lang=kk

Добавить комментарий