Марат Ахметжанов АӨСШК халықаралық бақылаушыларымен кездесті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) атынан халықаралық бақылаушы Катияр Абишекпен және АӨСШК хатшылығының бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен перспективалары туралы айтты.

«Біздің халықаралық ұйым референдумға қатысуға шақырылды. Сайлау учаскелеріндегі жоғары ұйымдастыру деңгейі мен халықтың белсенділігін атап өтеміз. Халықаралық бақылаушылар мен БАҚ үшін барлық жағдай жасалған. Ақмола облысымен ынтымақтастықты дамыту бойынша үлкен жоспарларымыз бар», – деп атап өтті Қайрат Сарыбай.

Хатшылық өкілдері сондай-ақ ұйымның 20 жылдығы аясында Ақмола облысының аумағында Велосипедшілер күнін және алғашқы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуді ұсынды.

Инвесторлармен неғұрлым егжей-тегжейлі кездесу жақын уақытта Aqmola Invest алаңында өтеді деп келісілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1182520?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *