Көрісу күні – татулық пен сыйластықтың белгісі

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, өкпе-назды ұмытып, жаңа жылды ақ ниетпен қарсы алады. Халықтың бірлігін, бауырмалдығын дәріптейтін бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани құндылықтардың бірі болып саналады.

Осы игі дәстүрді жаңғырту мақсатында Талас аудандық орталық кітапханасы мен Талас аудандық музейінің ұйымдастыруымен мәдени іс-шара өтті. Шара барысында ұлттық салт-дәстүрлердің мән-маңызы түсіндіріліп, Көрісу күнінің тарихы мен тәрбиелік маңызы туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, үлкендер батасын берді.

Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени мұралары таныстырылды. Сонымен қатар, ұлттық әндер шырқалып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Осындай тағылымды шаралар халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық дәстүрлерімізді жас ұрпақтың бойына сіңіруге үлкен үлес қосады. Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, татулық пен сыйластықты арттыратын ерекше мереке.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1181721?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *