
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз елімізде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық өнерін және ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеуге арналған.
Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттың рухани қазынасы. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан әдет-ғұрыптарымыз халықтың бірлігі мен болмысын айқындайды.
Бүгінгі күн – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, мәдениетімізді насихаттап, жастарға өнеге болатын игі бастамаларды қолдауға шақыратын ерекше күн.
Ұлттық мұрамызды бірге құрметтейік, салт-дәстүрімізді бірге дәріптейік!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1182440?lang=kk

Добавить комментарий