Бүгін Департамент ғимаратында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған мерекелік шара өтті. Бұл күн – халқымыздың мәдени мұрасына, салт-дәстүріне құрмет көрсетуге арналған ерекше күн.
Шараға Департамент бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаев қатысып, қызметкерлер мен олардың отбасыларын мерекемен құттықтады. Мерекелік сәттің ішінде тұсау кесу дәстүрі өткізілді. Департамент басшысы тұсау кесіп, балаға:
«Әрдайым аман, бақытты бол, болашақта генерал болсын» — деп батасын берді.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұра туралы ақпарат беріліп, жастарға салт-дәстүрді құрметтеу және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу маңызы түсіндірілді. Қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін ұйымдастырылған шара жылы әрі есте қаларлық сәттерге толы болды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1182533?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ