Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өз қарамағындағы спорт түрлерінен жыл үздіктерін анықтауды жалғастырып жатыр.
Кезек мәнерлеп сырғанауға жетті. Алдағы 8 күн ішінде жанкүйерлер «Үздік костюм», «Үздік жарқын бағдарлама», «Үздік хореограф», «Үздік бапкер» номинациядағы үміткерлерге дауыс бере алады.
Ұлттық құрама спортшысы, XXV қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров «Үздік костюм» аталымында кандидаттар арасында бар. Оның 2025-2026 жылғы маусымдағы еркін бағдарламаға арналған киімі көпшілік пен сарапшылардың назарын аударды. Костюм дизайнын отандастарымыз Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызы әзірлеген.
Жалпы бұл номинацияда сән, стиль, ізденіс пен түпнұсқа образ үйлесім тапқан 16 кандидат іріктелген. Бұл қатарда жекелей, жұптық және ырғақты би бағдарламасының өкілдері бар.
Дауыс беру ISU платформасында жүріп жатыр. Арнайы сілтеме: https://isu-skating.com/login/
Барлығы қанша номинация?
Ұйым 2026 жылы «Үздік костюм», «Үздік жарқын бағдарлама», «Үздік хореограф», «Үздік бапкер» бойынша үздікті жария дауыс беру арқылы анықтайды. Жанкүйерлер қатысатын 1-кезең 18 наурыз Астана уақытымен сағат 17:00-де аяқталған соң, әр номинация бойынша үш үміткерден тұратын қысқа тізім (shortlist) шығады. Түпкілікті жеңімпаздарды мәнерлеп сырғанау саласының беделді сарапшыларынан құралған қазылар алқасы таңдайды.
Сонымен қатар «Үздік жаңа есім» және «Жыл тұлғасы (тұлғалары)» марапатының иегерлері салтанатты марапаттау рәсімі кезінде жарияланады.
Салтанатты марапаттау қашан/қайда өтеді?
ISU Figure Skating Awards 2026 марапаттау рәсімі жексенбі, 29 наурызда, Прагада (Чехия) өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталған соң өтеді. Бұл іс-шара 2025/26 жылғы айтулы маусымның қорытындысы болмақ.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1179413?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ