Бүгін облыс әкімі Н.А. Сақтағановтың төрағалығымен жергілікті атқарушы ұйымдары мен ведомстволық басқармалар мен департаменттер өкілдерімен өткізілген, облыстағы су тасқыны қаупі мен өрт қауіпсіздігі сұрақтарына арналған кеңеске қатыстым. Облыс әкімі аталған мәселелер бойынша бірінші басшылардың жауапкершіліктеріне тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бүгінгі күнге өңірлерде су тасқынына байланысты орын алуы мүмкін зардаптарға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар бойынша дайындықты бақылауда ұстап, орын алған жағдайда жедел әрекет жасап, жұмыс жүргізуге дайындықты күшейтуде.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1179243?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ