Созақ ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында еңбек дауларының алдын алу, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкроттық рәсімдері және медиация институтының тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Жиынға Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболов арнайы қатысып, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.
Кеңеске Созақ аудандық сотының төрағасы Ақылбек Дәуренбеков, аудан аумағындағы өндіріс орындарының басшылары мен өкілдері, заңгерлер, білім беру ұйымдарының директорлары және жауапты мамандар қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізді. Өз сөзінде еңбек қатынастары саласындағы құқықтық мәдениетті арттыру маңызды екенін атап өтті.
Жиын барысында Созақ аудандық сотының төрағасы Ақылбек Дәуренбеков еңбек даулары мен өзге де азаматтық істерді қарау барысында қолданылатын іс жүргізу тәртібі, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттері жөнінде хабарлады. Сонымен қатар еңбек қатынастарында туындайтын мәселелерді заң талаптарына сәйкес реттеу және дауларды бітімгершілік жолмен шешудің маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сот өкілдері жан-жақты жауап беріп, тәжірибелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиынды қорытындылаған Нұрлан Зұлпыхарұлы өндіріс орындары мен мекеме басшыларына еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтай отырып жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Туындаған мәселелерді дер кезінде заң аясында шешуге шақырды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1180147?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ