ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚАДІРЛІ АҒАЙЫН!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Сіздерді көктемнің жаршысы, ұлттық дәстүріміздің айрықша белгісі – Амал күні, Көрісу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың сан ғасырдан жалғасқан салт-дәстүрін дәріптейтін, ағайынның арасына жылулық пен татулық ұялататын ерекше мейрам. Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабамыз ұзақ қыстан аман шыққан соң бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, өкпе-ренішті кешіріп, жаңа жылдың басын жақсылықпен бастаған.
Бүгінде Көрісу күні – береке мен бірлікті нығайтатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін тағылымы мол дәстүрге айналды. Осындай игі салттарымыз халықтың ынтымағын арттырып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастырып келеді.
Берекелі Шардара өңірінде де бұл күн ағайынның араласуын арттырып, өзара сыйластық пен татулықтың нығая түсуіне себеп бола берсін.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, ырыс пен молшылық тілеймін. Әр отбасының дастарханы мол болып, елімізде тыныштық пен бірлік мәңгі жасасын!
Көрісу күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1181148?lang=kk