
2026 жылғы 11 наурызда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлеріне арналған «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу: жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, гипертония және басқа» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда қатысушыларға инфекциялық емес аурулардың алдын алу, әсер етуі мүмкін емес факторлар (жыныс, жас, тұқым қуалаушылық) және өзіміз әсер ете алатын факторлар (темекі шегу, алкоголь, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия, семіздік, жоғары қан қысымы, холестерин мен глюкоза деңгейінің жоғары болуы, стресс, депрессия) туралы ақпарат берілді.
Қатысушыларға негізгі профилактикалық шаралар: салауатты тамақтану, салмақты бақылау, физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту, стресс деңгейін төмендету және мерзімді медициналық тексерулер еске салынды.
Семинар соңында қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріліп, материалды бекіту үшін ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Добавить комментарий