Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді.

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – отандық өндірушілерді қолдау, ішкі сауданы ынталандыру.

Акция барысында сауда нысандарында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға жеңілдіктер ұсынылады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы «Nauryz» мерекелік навигациясы және фирмалық безендіру арқылы белгіленеді.

Ақтөбе қаласында бұл акцияға ішкі сауда саласындағы 6 ірі сауда субъектісі қатысады. Атап айтқанда, олар – «Анвар», «Дина» сауда желілері, сондай-ақ «Keruen City», «Нұрдаулет», «City Shopping Center» және «Мега Шығыс» сауда үйлері.

Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өнімдер ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен ұсынылады.

Сонымен қатар, тұтынушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сауда орталықтарында интерактивті бағдарламалар мен ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады. Ақтөбеде мұндай фотозона «KeruenCity» сауда-ойын-сауық орталығында орналастырылады.

Бұл акция тұрғындарға тиімді сауда жасауға, Наурыз мейрамының ерекше атмосферасын сезінуге және отандық өндірушілердің өнімдерін қолдауға мүмкіндік береді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181092?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *