Ауданымыздағы ардагерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері 14 наурыз – Амал күніне орай ұйымдастырылған челленджді Төлеби ауданынан қабыл алып, ізгі дәстүрді жалғастыра отырып, Жетісай ауданына жолдады. Амал күні, көрісу күні – халқымыздың береке-бірлігін айшықтайтын, ағайынның арасына жылулық сыйлайтын ерекше дәстүр. Бұл күні жұрт бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, татулық пен сыйластықты дәріптейді.
Добавить комментарий Отменить ответ