«Құқық кабинеті» — ауылдық аймақтардағы тұрғындарға арналған тегін құқықтық көмек пен ақпарат беретін орталық. Бұл жерде сіз өз құқықтарыңыз бойынша кеңес алып, заңнамалық актілермен таныса аласыз. Сонымен қатар, кабинет мамандары eGov, e-Otinish және Adilet.gov сияқты мемлекеттік сервистерді пайдалануға, тұрмыстық немесе әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Лепсі ауылдық округі әкімдігінде халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «Құқық кабинеті», «Өзін-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары қызмет атқаратанын хабарлаймыз.
Кез келген сұрақтарыңыз бойынша бізбен мына мекенжайға хабарласыңыз: Лепсі ауылы, Мұқан Төлебаев көшесі, 1 Лепсі ауылдық округі әкімідігі, 2 қабат, № 21/1 кабинет немесе 8(72843)2-14-92 телефоны арқылы.
Кабинеттің жұмыс уақыты – жұмыс күндері сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін.
Кабинетте компьютер, принтер, телефон, веб-камера орнатылған және “Әділет” ақпараттық-құқықтық базасына, «Заң» деректер қорына қолжеткізу мүмкіндігі бар. Бұл азаматтарға қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұрғындар үшін е-otinish, eGov, «Ашық НҚА» порталы және халықпен өзара іс-қимылға арналған мемлекеттік органдардың өзге де ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
В соответствии с Планом мероприятий по правовому разъяснению на 2024–2026 годы, утверждённым приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 13 декабря 2023 года №899, в акимате Лепсинского сельского округа функционируют уголки «Құқық кабинеті» и «Өзін-өзіне қызмет көрсету», обеспечивающие доступ населения к информационным системам для ознакомления с действующими и находящимися на обсуждении нормативными правовыми актами.
По всем вопросам вы можете обратиться по адресу: село Лепси, улица Мукана Толебаева, 1, в здании акимата Лепсинского сельского округа, 2 этаж, кабинет № 21/1, либо по телефону 8 (72843) 2-14-92.
Режим работы кабинета — в рабочие дни с 09:00 до 16:30.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-lepsi/press/news/details/1180771?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ