Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАНДА «АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік жиын өтті. Шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, көпбалалы аналар, түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.
Іс-шараның шымылдығы Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры әртістерінің қатысуымен қойылған «Ана – өмір шуағы» атты әсерлі қойылыммен ашылды. Сонымен қатар, «Яссы» және «Әгугай» би ансамбльдерінің қатысуымен сахналық қойылым ұсынылып, заманауи 3D бейне және жасанды интеллект көмегімен дайындалған көрнекі бейнелер көрермен назарына ұсынылды.
Мерекелік бағдарлама барысында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы ерекше рөлі мен олардың ел дамуына қосар үлесін атап өтті. Сондай-ақ, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар аналар мен нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды. Шара барысында Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары – Еркін Нұржанов, Бақытжан Мұстафаев, Асан Пердешов, Сырым Исабаев ән шырқады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЕЛ ПРАЗДНИЧНЫЙ ВЕЧЕР “АНА – ӨМІР ШУАҒЫ”
В Туркестане состоялось праздничное собрание “Ана – өмір шуағы”, посвященное Международному женскому дню – 8 марта. В мероприятии приняли участие аким города Азимбек Пазылбекулы, представители интеллигенции, многодетные матери, представительницы прекрасного пола, работающие в различных сферах.
Занавес мероприятия открылся трогательной постановкой “Ана – өмір шуағы” с участием артистов Туркестанского городского музыкально–драматического театра им. Р. Сейтметова. Зрителям была представлена сценическая постановка с участием танцевальных ансамблей “Яссы” и “Агугай”, а также представлены современные 3D-видео и визуальные эффекты, подготовленные с помощью искусственного интеллекта.
В ходе праздничной программы с приветственным словом выступил аким города Туркестан Азимбек Пазылбекулы, который отметил особую роль матерей в обществе и их вклад в развитие страны. Кроме того, ряд матерей и девушек, успешно работающих в различных сферах, были награждены специальными наградами. В ходе мероприятия выступили известные звезды искусства Казахстана – Еркин Нуржанов, Бакытжан Мустафаев, Асан Пердешов, Сырым Исабаев.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1179160?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *