Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

 

Cұрақ: Үйді апатты жағдайда деп қалай тануға болады?

Жауап: 1. Тұрғындар әкімдікке немесе ТКШ (ЖКХ) бөліміне жазбаша өтініш береді.

2.Үйге техникалық сараптама жүргізіледі.

3.Арнайы комиссия қорытынды шығарады.

4.Әкімдік үйді авариялық деп тану туралы қаулы қабылдайды.

Егер авариялық деп танылса — көшіру немесе өтемақы мәселесі заңға сәйкес шешіледі.

  1. Өтініш беру. Пәтер иелері немесе тұрғындар үйдің қауіпті жағдайда екенін көрсетіп, аудандық/қалалық әкімдікке немесе ТКШ бөліміне жазбаша өтініш береді.Өтініште міндетті түрде:
  • Үйдің нақты мекенжайы
  • Қауіпті белгілер (жарықшақтар, іргетастың шөгуі, қабырғаның қисаюы, төбенің опырылуы т.б.)көрсетіледі.
  1. Техникалық зерттеу.Әкімдік лицензиясы бар сараптама ұйымын тартады.

Сарапшылар:

  • Көтергіш қабырғаларды, Іргетасты, Жабын плиталарын, Тозу пайызын тексереді.

Зерттеу нәтижесінде техникалық қорытынды жасалады.

  1. Ведомствоаралық комиссия. Арнайы комиссия (әкімдік, ТЖ, сәулет, ТКШ өкілдері) сараптама қорытындысын қарап, шешім қабылдайды:
  • Үйді авариялық деп тану немесе Күрделі жөндеуге жарамды деп тану.
  1. Әкімдік қаулысы.Егер үй авариялық деп танылса, әкімдік ресми қаулы шығарады.

Осыдан кейін:Тұрғындарды көшіру, Өтемақы төлеу, Жаңа тұрғын үй беру мәселесі заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 Қажетті құжаттар:

Жазбаша өтініш, Жеке куәлік көшірмесі, Меншік құқығын растайтын құжат, Үйдің техникалық паспорты, Фото/бейнематериалдар (қосымша дәлел ретінде)

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-aktogay/press/news/details/1178280?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version