Ориентир для молодежи

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жастарға бағдар

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың       2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ерте кәсіптік бағдарлауға үлкен көңіл бөлініп отыр.

Осы тапсырманың аясында 2026 жылғы 11 наурызда Атырау қаласындағы №51 мектептің бір топ оқушысы мұғалімдерімен бірге Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасында болды.

Басқарманың облыстық бюджеттің қаржыландыру жоспарларын жүргізу, облыс бойынша түсімдер мен шығыстардың орындалуын талдау бөлімінің басшысы Ш.Елеусінова келушілерге экономикалық даму, бюджет саясаты туралы жалпы мағлұмат беріп, мекеме қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Содан соң оқушылар құрылымдық бөлімдерді аралап, олардың жұмысымен танысты. Соның ішінде, басқарманың бөлім басшылары Р.Құрманғалиев, Е.Шмалиев, Е.Сәрсекенов облыс деңгейінде іске асырылып жатқан, өңір экономикасын дамытуға, әлеуметтік саласын жетілдіруге арналған түрлі мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар туралы айтып, олардың нәтижесі туралы ақпарат берді.

         Шара барысында мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сауалдарын қойып, оларға тыңғылықты жауаптар алды.

         Соңында оқушылар мен олардың ұстаздары шара қызғылықты өтіп, үлкен мәні болғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1179041?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version