
Аудандық білім беру бөлімінің 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, инновациялық қызметін қолдауға, шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау мақсатында 2026 жылдың 11 ақпан күні орыс тілі пәні мұғалімдеріне арналған «XXI ғасыр филологі: дәстүр мен инновация» атты аудандық кәсіби олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: пәндік және цифрлық сауаттылық деңгейі жоғары, дарынды тіл маманы-мұғалімдерді анықтау және қолдау.
Олимпиада 3 тур арқылы өтті. 1 тур – Теориялық (пәндік білім) тестілеу форматында. 2 тур – Практикалық 2 бөлімнен: әдістемелік кейс және эссе жазу. 3 тур – «Цифрлық инновациялар». Қорғау: дайын өнімді презентация арқылы көпшілік алдында қорғау.
3 орын Шыңғырлау ЖОББМ мұғалімі Курметова С.К., 2 орын – Амангелді НМ мұғалімі Уралова Б.С., 1 орын Л.Қылышев ат.ЖОББМ мұғалімі Кива Е.С. берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177924?lang=kk

Добавить комментарий