
2026 жылғы 27 ақпан күні Шыңғырлау ауданында білім қызметкерлері арасында кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен X «Денсаулық» спартакиадасы өтті.
Аталған спорттық шараның басты мақсаты – білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және кәсіподақ ұйымдарының ынтымақтастығын арттыру болды.
Спартакиада барысында командалар спорттың бірнеше түрі бойынша өзара бақ сынасты.
Сонымен қатар жекелей аталымдар бойынша үздік ойыншылар арнайы марапаттарға ие болды.
Спартакиада – тек жарыс алаңы ғана емес, әріптестер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды шара. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен спорттық рухты көрсетті.
Шыңғырлау ауданының білім бөлімі атынан барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және кәсіподақ ұйымына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Салауатты өмір салтын ұстану – табысты еңбектің кепілі.
Бірлігіміз бекем, жеңістеріміз көп болсын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177956?lang=kk

Добавить комментарий