2026 жылдың 13 ақпан күні Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасында 8 ақпан – Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрамындағы бітімгерлік батальонының Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс-қимылдарынан шығарылғанына 25 жыл және 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Тарихты түсіну, ерлікті ұмытпау» атты әскери-патриоттық жиын ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ерлік пен елжандылықтың маңызын түсіндіру, Ауған соғысы мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлердің ерлігін ұлықтау.
Жиын барысында құрметті қонақтар мен ардагерлерге сөз беріліп, олардың өмір жолы мен жауынгерлік тәжірибесі жас буынға үлкен тағылым болды. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында саптық дайындық, лазерлік тир және автоматты бөлшектеу-жинау кезеңдерінен тұратын әскери-патриоттық байқау өткізілді.
Шара патриоттық әнмен көркемделіп, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі мен ұйымшылдығы ерекше атап өтілді.
Ардагерлеріміздің ерлігі – ел жадында.
Батырлар рухы – мәңгілік!
Жас ұрпақ – ел болашағы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177911?lang=ru

Добавить комментарий