
Қоғам ауыл округінің әкімі Ш.Жамалханұлының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс шарада өмірлік тәжірибесі мен даналығы мол, саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған аяулы аналарды және Қоғам ауыл округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде қызмет етіп жүрген ардақты ханымдарға құрмет көрсетілді.
Бұл – тек мерекелік құттықтау ғана емес, аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін, олардың төзімі мен мейірімі әрдайым құрметке лайық екенін білдіретін игі іс болды. Бала тәрбиесінде талмай еңбек етіп, ұрпақ болашағына үлес қосып жүрген ардақты аналарға алғыс айтылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Ауыл әкімі барша аналарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тіледі. Аналардың мейірімі мен ақ жүрегі әрқашан отбасының тірегі, қоғамның шуағы болып қала бермек.
Құрметті аналар! Сіздерді көктемнің ең көркем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңырақта қуаныш пен бақыт орнасын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1178156?lang=kk

Добавить комментарий