2026 жылдың 4 наурыз күні Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім саласының ардагер ұстаздарына арналған «Ардагерлер – ардақтыларымыз» атты ардагерлер форумы өтті.
Бұл тағылымды шараның басты мақсаты – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, шәкірт жүрегіне білім мен ізгіліктің дәнін сепкен ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін ұлықтап, кейінгі буынға өнеге ету болды.
Форумның шымылдығы Балалар музыка мектебінің өнерпаздарынан құралған ансамбльдің орындауындағы қазақтың күй өнерінің жауһарлары – «Адай» және «Ер Тұран» күйлерімен ашылды. Ансамбльге жетекшілік еткен – Кадыралиева Калила Сагиновна.
Шара барысында ардақты ұстаздарға арналған жүрекжарды лебіздер айтылып, құттықтау сөздер ұсынылды. Алғашқы құттықтау сөз Шыңғырлау ауданының әкімі Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлына берілді. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімінің басшысы Есенов Қуаныш Ығылманұлы да ардагер ұстаздарға жылы лебізін білдірді.
Кеш барысында ұстаздық жолда абыройлы еңбек етіп, аудан білімінің дамуына зор үлес қосқан ардагер ұстаз Сапаров Бақытжан Сапарұлы сөз сөйлеп, өз естеліктерімен бөлісті.
Мерекелік шарада өнерпаздар да өз өнерлерін тарту етті.
Кеш қонақтарына «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешісі Изгулова Майра Қойшыбаевна мен кішкентай тәрбиеленуші Амангелді Бауыржан «Ана мен бала» дуэтін ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ:
Форум барысында көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай білім саласында еңбек еткен ардақты апайларымызға гүл шоқтары табысталып, ерекше құрмет көрсетілді.
Шара соңында ұйымдастырушылар ардагер ұстаздарға алғыс айтып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177962?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ