26 ақпан күні Ащысай МББК базасында тәрбие орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған
**«Адал азамат» біртұтас тәрбие: Іс-шарадан — Индикаторға** атты семинар-практикум өткізілді.
Семинардың басты мақсаты — тәрбие жұмысын формалды іс-шаралар деңгейінен нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жоспарлау мен бағалау деңгейіне көтеру.
Бұл бөлімде мектептер өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы тиімді тәсілдерін ұсынды. Қатысушылар нақты мысалдар арқылы нәтижеге бағытталған жұмыстың маңыздылығын талқылады.
Практикалық бөлімде қатысушылар топтық жұмыстар арқылы:
• «Адал азамат» тәрбие жүйесіндегі басым бағыттар мен индикаторларды анықтады;
• мектеп музейлерінде экспозиция жасақтау жолдарын қарастырды;
• “Аманат” клубының тәрбие жүйесіндегі рөлі мен тәжірибесін талдады;
• GROW моделін стратегиялық жоспарлаудың тиімді құралы ретінде тәжірибеде қолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/1177942?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ